Қазақ халқының мәдениетіндегі мәдени мұраның маңызы
2025 жылдың 23 қазан айында қазақ халық мәдениетінің маңызды бөлігі- қолөнерді ұлттық болмысымызды сақтау мақсатында оны насихаттау маңызды мәселе. Осы орайда, Qazaq-Oner ұлттық ассоциациясының президенті, «Aigul Line» брендін қалыптастырушы, арт-менеджер, креативті индустриялар саласының эксперті, Ph.D. Жансерікова Айгүл Жексенбайқызының дәрістері мен шеберлік сабақтары ұлттық қолөнер бағыттарын дәріптеуде айрықша мәнге ие.
Кездесу аясында қазақ өнерін сақтау мен насихаттаудың негізгі аспектілері, сондай-ақ оның қазіргі тенденцияларға бейімделуі талқыланды. Айгүл Жексенбайқызы дәстүрлі қолөнер, ұлттық киім, бұйымдар жайында, ою-өрнектер және олардың символикасы туралы, сондай-ақ Қазақстандағы креативті индустрияларды дамытудың жаңа мүмкіндіктері туралы құнды білімдерімен бөлісті. Шеберлік сабақтарында қатысушылар ұлттық өнердің қыр-сырын тереңірек меңгеруге мүмкіндік алады. Олар өз қолдарымен дәстүрлі қолөнер бұйымдарын жасап, креативті индустрия саласында қолданылатын заманауи тәсілдерді үйренді. Бұл сабақтар тек білім беріп қана қоймай, ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты арттырып, шығармашылық әлеуетті ашуға ықпал етеді. Жансерікова Айгүл Жексенбайқызының бастамалары – қазақ өнерін әлемдік деңгейге шығару бағытындағы маңызды қадамдар. Маманның дәрістері мен шеберлік сабақтары болашақ мәдениет қайраткерлерін тәрбиелеуге, өнердің жаңа мүмкіндіктерін ашуға және ұлттық мұраны сақтау мен насихаттауға зор үлес қосуда.
Іс-шара жылы және шабыттандыратын атмосферада өтті, қатысушылардың кәсіби өсуіне және Қазақстанның бай мәдени мұрасы туралы білімдерін кеңейтуге ықпал етті. Бұл кездесу БҰҰ – ның «Сапалы білім беру» және «Тұрақты даму үшін серіктестік» тұрақты даму мақсаттарына сәйкес жоғары оқу орны мен креативті индустрия өкілдері арасындағы әріптестік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.

Мәдени іс-шараны ұйымдастырушылар: филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Балтымова Мира Рашидқызы, философия ғылымдарының докторы, профессор Масалимова Алия Рмғазықызы,
2-курс докторанты Тулақбаева Қызғалдақ Жақсылыққызы.
Басқа жаңалықтар