Тұрақты даму саласындағы мақсатты іске асыру шеңберінде "Сапалы білім беру" бағыты бойынша студенттерді театр өнерімен таныстыру және соған баулу мақсатында 2025 жылдың 25 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінің, философия кафедрасының аға кураторы Ж.Н. Казиева және 1 курс кураторлары Г.М. Сембаева және Г.М. Қонаева 1 курс студенттерімен бірге Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар театрында И.Жансүгіровтің «Құлагер» қойылымын тамашалады. «Құлагер» пьесасы қазақ әдебиеті мен театр өнерінің көрнекті туындыларының бірі болып табылады. Қойылым Ильяс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасына негізделген. Поэма мен қойылымның басты тақырыбы – адамгершілік әділетсіздік, ұлттық мақтаныш, жеңіліс және өнер мен ерлік рухының биіктігі. «Құлагер» - бұл бір адамның трагедиясы ғана емес, ұлттық сана-сезім мен рухтың жоғалуының символы. Қойылым көрермендерге әділдік пен мейірімділік, адам мен табиғаттың бірлігі, рухани еркіндік идеяларын жеткізеді. Студенттерге қойылым ұнады алдағы уақытта театрға келіп тұратындарын жарыса айтты
Басқа жаңалықтар