- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қылмыстық құқық, іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары республикалық «Құқықтық диктант» акциясы аясында диктант өткізді
Қылмыстық құқық, іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары республикалық «Құқықтық диктант» акциясы аясында диктант өткізді
2025 жылдың 30 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде барлық факультеттерде «Құқықтық диктант» өткізілді. Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің 2025 жылғы 20 қазандағы тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылды. Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі – Білім сапасын қамтамасыз етуге (Мақсат 4: Сапалы білім) үлес қосу мақсатында жүзеге асырылды.
Басты мақсат – студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру, құқықтық санасын қалыптастыру және заң үстемдігін насихаттау.
Құқықтық диктантты Қылмыстық құқық, іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары өткізді:
• з.ғ.к., доцент Тлепбергенов Орынбасар Нүсіпәліұлы – Механика-математика факультетінде (30.10.2025, 11:00–11:50, қазақ тобы);
• з.ғ.к., доцент Шарипова Асель Бостанқызы – Экономика және бизнес жоғары мектебінде (30.10.2025, 12:00–12:50, орыс тобы);
• з.ғ.к., профессор Атаханова Гүлзагира Махатовна – Биология және биотехнология факультетінде (30.10.2025, 11:00–11:50, қазақ тобы);
• аға оқытушы Шопабаев Батырбек Әбенұлы – Физика-техникалық факультетінде (30.10.2025, 13:00–13:50).
Іс-шара студенттердің заңға құрметпен қарауын қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және құқықтық мәдениетті дамытуға бағытталды.