Мәдени мұра – ұлт рухының іргетасы
2025 жылдың 29–30 қазанында Алматы қаласында жоғары оқу орындары өкілдеріне арналған “Материалдық емес мәдени мұра элементтерін танымал ету және білім беру кеңістігінде қолдану” атты республикалық семинар өтті. Іс-шараның басты мақсаты — ЮНЕСКО-ның Репрезентативті тізіміне енгізілген қазақстандық мәдени мұра элементтерін ғылыми-танымдық тұрғыда насихаттау және оларды білім беру бағдарламаларына кіріктіру жолдарын талқылау болды.
Семинар барысында қатысушылар “Айтыс өнері”, “Киіз үй жасау дәстүрі”, “Қазақ жылқы мәдениеті”, “Дәстүрлі күйшілік мектептер” сияқты элементтердің тарихи және тәрбиелік маңызын талқылады. Іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігі, UNESCO істері жөніндегі Қазақстандық қоғамдық даму институтының ұйымдастыруымен өтті.
