- Басты бет
- Жаңалықтар
- БҰҰ-ның 8 ТДМ «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» аясында сот сараптамасы бойынша біліктілікті арттыру курстары
БҰҰ-ның 8 ТДМ «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» аясында сот сараптамасы бойынша біліктілікті арттыру курстары
БҰҰ-ның 8 Тұрақты даму мақсатын – «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» іске асыру шеңберінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты, лицензияланған сот сарапшысы Алаева Гүлназ Тұрсынқызы сот сарапшыларына арналған біліктілікті арттыру курстарын әзірледі.
«Сот сараптамасының заманауи аспектілері: теория, әдістеме және практика» тақырыбындағы курс бағдарламасы Республикалық сот сарапшылары палатасымен келісім бойынша дайындалып, «ПАРИТЕТ» сараптама және бағалау орталығы оқу базасында өткізілді.
Курс тыңдаушылары ретінде университеттің «7M04224 – Сот сараптамасы» және «7M04220 – Криминалистикалық сараптамалар» білім беру бағдарламаларының магистранттары шақырылды.
Сабақтар сот сараптамасы саласындағы жетекші лекторлардың қатысуымен өткізілді және заманауи сот сараптамасы тәжірибесінің өзекті мәселелерін қамтыды. Бағдарлама мемлекеттік және жеке сот сарапшыларының қызметін талдау, сондай-ақ магистранттардың кәсіби дағдыларын тәжірибелік тұрғыда дамытуға бағытталған.
«Мұндай бағдарламалар ғылым мен тәжірибенің өзара байланысын нығайтып, сот сараптамасы саласындағы болашақ мамандардың кәсіби даярлығын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл бастамалар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тұрақты даму мақсаттарына және білім сапасын арттыруға деген адалдығын көрсетеді», — деді Алаева Гүлназ Тұрсынқызы.
Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы білім алушылардың жоғары кәсіби деңгейін қалыптастыруға, заманауи құқықтық кеңістікте жұмыс істеуге дайындығын арттыруға және ұлттық сот сараптамасы жүйесінің дамуына үлес қосуға бағытталған.