15 ТДМ - Құрлық экожүйелерін сақтау - “Экологиялық мәдениет және экологиялық сана” тақырыбында ашық тәрбие сағаты.Farabi University

15 ТДМ - Құрлық экожүйелерін сақтау - “Экологиялық мәдениет және экологиялық сана” тақырыбында ашық тәрбие сағаты.

24 қазан, 2025

Қазан айының 15 жұлдызында 1 курс студенттерімен 15 ТДМ - Құрлық экожүйелерін сақтау - “Экологиялық мәдениет және экологиялық сана” тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатының мақсаты:

- Студенттердің экологиялық мәдениетін және экологиялық жауапкершілігін қалыптастыру;
- Табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланысты түсіндіру арқылы экологиялық сананы арттыру;
- Құрлық экожүйелерін сақтау мен тұрақты даму қағидаттарын насихаттау;
- Болашақ мамандарды экологиялық ойлауға, саналы мінез-құлыққа тәрбиелеу.

Қазіргі таңда экологиялық жағдай – тек табиғаттың ғана емес, адамзаттың болашағын анықтайтын жаһандық факторлардың бірі. XXI ғасыр – экологиялық өркениет ғасыры. Сондықтан да білімді, мәдениетті, әрі жауапты азамат болу үшін экологиялық мәдениет пен экологиялық сананың мәнін түсіну – әрбір студенттің парызы.

           Экологиялық мәдениет пен сана – жай ғана ұғым емес, адамзаттың өмір сүру философиясы. Адам табиғаттың иесі емес, оның бір бөлшегі екенін ұғынған кезде ғана тұрақты даму мүмкін болады. Табиғатты қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы борышымыз. Әрбіріміз өз іс-әрекетіміз арқылы экологиялық мәдениеттің үлгісін көрсетуіміз керек. Табиғатқа қамқор болу – өз болашағыңа қамқор болу.