📣 «Шапағат» клубы мен кафедраның «Халық заңгері» республикалық акциясына қатысуы!Farabi University

📣 «Шапағат» клубы мен кафедраның «Халық заңгері» республикалық акциясына қатысуы!

3 қараша, 2025

 2025 жылғы 31 қазанда Алматы қаласында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және Заң мен Тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған кең ауқымды жоба — жыл сайынғы республикалық әлеуметтік акция «Халық заңгері» өтті.
📍 Іс-шара Оқушылар сарайында (Достық даңғылы, 124) өткізілді.

🤝 Акцияға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен «Шапағат» студенттік волонтерлік клубының мүшелері белсенді қатысты.

🔹 Іс-шара барысында алматылықтар құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдерінен, сондай-ақ заңгерлерден, адвокаттардан, нотариустардан, сот орындаушыларынан және жеке сектор мамандарынан тегін заң кеңесін алды.

🎯 Кафедра мен «Шапағат» клубының қатысуы қоғамның құқықтық мәдениетін дамытуға және Тұрақты даму мақсаты №16 - «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» бағытын іске асыруға маңызды үлес қосты. Бұл шара ғылым, тәжірибе және қоғам арасындағы байланысты нығайтты.