«Күретамыр» – ұлт руханиятының ғылыми қазығы
2025 жылғы 1 қараша күні Халықаралық ғылыми-мәдени мұраларды зерттеу орталығында «Сапалы білім беру» және «Тұрақты даму үшін серіктестік» атты БҰҰ тұрақты даму мақсаттары аясында «Күретамыр» монографиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл маңызды ғылыми жиын ұлттың рухани және мәдени мұрасын жаңа қырынан тануға бағытталды.
Шараға философия және саясаттану факультетінің деканы, филос.ғ.к., қауымдастырылған профессор Мейрбаев Б.Б., дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.д., профессор Курманалиева А.Д., сондай-ақ кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, филол.ғ.к., қауымдастырылған профессор Балтымова М.Р. қатысып, жаңа еңбектің тұсауын кесті.
Ғылыми мұра – ұлт жадындағы із. Монография авторлары Жамашев А.Ш., Жомарт Д. және Мажен Е.К. өз сөздерінде еңбектің негізгі идеяларын таныстырып, ұлттық сана мен тарихи зердені жаңғыртудағы зерттеудің маңызын атап өтті. «Күретамыр» еңбегі – өткен ғасырдың тарихи оқиғаларын, мәдени үдерістерін терең талдаған, тың деректермен байытылған құнды ғылыми мұра. Ол ұлт жадында сақталған рухани сабақтастықты келешек ұрпаққа жеткізуді мақсат етеді.
Бұл іс-шара университеттің сапалы білім беру мен ғылыми серіктестікті дамытудағы стратегиялық бағытымен тікелей үндес. Ғылыми орталықтардың осындай бастамалары еліміздің білім мен мәдениет кеңістігінде жаңа серпін беріп, жас зерттеушілерге үлгі болмақ.

Профессор м.а. Балтымова М.Р., доцент Жамашев А.Ш., аға оқытушы Мажен Е.К., докторант Елеусызбаева Н.М.