- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ Хабаршы журналының редакторлық алқасы Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес семинар ұйымдастырылды
ҚазҰУ Хабаршы журналының редакторлық алқасы Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес семинар ұйымдастырылды
2025 жылы 29 қазанда Философия және саясаттану факультетінде Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен ТДМ: «Сапалы білім беру» мақсатына сәйкес ҒЖБССҚК ұсынған журналдарда мақала жазу мен жариялау тақырыбында кәсіби кеңес беру семинары өтті.
Семинарға ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы журналының бас редакторы Байтенова Нағима Жаулыбайқызы, бас редактордың дінтану бағыты бойынша орынбасары Борбасова Қарлығаш Молдағалиқызы, Дінтану және мәдениеттану кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Балтымова Мира Рашидқызы және жауапты редактор Байжума Самет қатысты. Заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлаудың негізгі бағдарына сәйкес ұйымдастырылған шара аясында ғылыми мақала дайындау этаптары, қойылатын техникалық талаптар жанжақты түсіндіріліп, тыңдармандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Профессор Нағима Жаулыбайқызы ҚР ҒЖБССҚК ұсынған журналдарға мақалаларды ұсынудың негізгі талаптарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Профессор Қарлығаш Молдағалиқызы мақаланың аңдатпасы мен мазмұндық жүйесі туралы ақпаратпен бөлісті. Журналдың жауапты редакторы Байжұма Самет сайтта мақалаларды тіркеу, техникалық өңдеу, әдебиеттер мен сілтемелерді ұсыну ерекшеліктеріне назар аударды.
Семинарға қатысқан ҚазҰУ мен Нұр-Мүбарак ислам мәдениеті университетінің оқытушы-профессорлық құрамы, жас зерттеушілер мен PhD докторанттар ақпаратпен мұқият танысып, сұрақтар қойып, өздерінің ғылым жолында ойландыратын мәселелерімен бөлісті.

Басқа жаңалықтар