Тұрақты даму жолындағы академиялық әріптестік: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Мирзо Ұлықбек атындағы ӨҰУFarabi University

Тұрақты даму жолындағы академиялық әріптестік: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Мирзо Ұлықбек атындағы ӨҰУ

30 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) Тұрақты даму мақсаттарының №17: Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік аясында Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің (ӨҰУ) оқытушылары үшін қысқа мерзімді тағылымдаманы сәтті өткізді.

2025 жылдың 28-30 қазаны аралығында ҚазҰУ ӨҰУ оқытушылары – Рахмонкулова Зумрад Бойкузиевнаны, Дусчанов Расулжан Рахимбаевичті және Шайдуллаева Гүлжахон Шапулатовнаны қабылдады. Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы ұйымдастырған тағылымдаманың мақсаты – оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыста тәжірибе алмасу болды.

Тараптар өзекті білім беру мәселелерін талқылап, озық тәжірибелер туралы ақпаратпен бөлісті. ҚазҰУ әріптестерді қабылдауға дайын екендігін растады және өткен іс-шара екі жетекші жоғары оқу орны арасындағы академиялық байланыстарды одан әрі нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге қызмет ететініне сенім білдірді.