«Ғылым академиясы ғибрат- мекені»Farabi University

«Ғылым академиясы ғибрат- мекені»

5 қараша, 2025

5 қараша 2025 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, қылмыстық құқық және іс жүргізу, криминалистика кафедрасының қауымдастырылған профессор, заң ғылымдарының кандидаты, “Ел тұтқа” пікірталас клубының жетекшісі Тлепбергенов Орынбасардың ұйымдастыруымен «Құқықтану» білім беру бағдарламасындағы 205 топ студенттерімен көшпелі сабаққа Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында арнайы ұйымдастырылған көшпелі сабаққа қатысты.

Бұл сабақ біз үшін ерекше әрі әсерлі өтті, себебі академия – еліміздің ғылымының орталығы, даналық пен ізденістің киелі ордасы. Ғылым академиясының ғимаратына кірген сәттен бастап біз нағыз ғылым әлеміне енгендей болдық. Мұнда Қазақстанның ұлы ғалымдарының еңбектері мен жетістіктері көрсетілген. Академия залдары мен зерттеу бөлімдерін аралай отырып, біз ел дамуына зор үлес қосқан Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан сынды көрнекті ғалымдардың өмірі мен еңбегімен таныстық.

Көшпелі сабақ барысында біз ғылыми зерттеулердің қалай жүргізілетінін, заманауи зертханалардың жұмысын және жаңа технологиялардың маңызын көрдік. Бұл тәжірибе бізге ғылымның қоғам өміріндегі шешуші рөлін түсінуге мүмкіндік берді.

Ұлттық ғылым академиясы – тек ғалымдар ғана емес, жастар үшін де үлкен шабыт пен білімнің қайнары. Мұнда өткен әрбір сәт бізге білімнің қадірін, еңбектің маңызын және болашаққа сеніммен қарауды үйретті.

Мұндай танымдық сабақтар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін оятып, еліміздің ғылыми жетістіктеріне мақтанышпен қарауға тәрбиелейді.
Қорытынды:

Ғылым академиясы – нағыз ғибрат мекені, яғни рухани және интеллектуалды дамудың орталығы. Бұл көшпелі сабақ бізге ғылымның ұлылығын сездіріп, білімге деген қызығушылығымызды арттырды.