2025 жылғы 28 қазанда «Музеолог» үйірмесі ұйымдастыруымен ҚР Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің қызметкерлері А.Айдымбаева мен Б.Құсайынова «Музеология және тарихи-мәдени туризм» мамандығының 1-курс студенттеріне «Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасы: халықтың жадында сақталған өміршең мұра» тақырыбында дәріс оқыды. Кездесу барысында мамандар ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізімі мен Жедел қорғау тізімімен таныстырып, осы тізімдерге Қазақстан тарапынан енгізілген элементтерге жеке тоқталды. Дәріс студенттердің зор қызығушылығын тудырып, мәдени мұраны сақтау мен насихаттау мәселелері бойынша кәсіби тұрғыда танысудың маңызды қадамы болды.