ТДМ 8 Лайықты еңбек және экономикалық өсу
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің 308, 304, 129 ПК топтарының Алматы қаласы Полиция департаментінің Медеу аудандық Полиция басқармасына экскурсиясы
2025 жылдың 04 қараша айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінің 304, 308 және 129 ПК топтарының студенттері ТДМ 8 (лайықты еңбек және экономикалық өсу) аясында Алматы қаласы Медеу ауданының полиция басқармасына барды.
Кездесу барысында студенттер жедел-криминалистикалық бөлімнің, кезекші бөлімнің, тергеу бөлімінің, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторлары бөлімшесінің қызметімен танысты. Басқарма қызметкерлері бөлімдердің функционалдық міндеттері, қызметтік ерекшеліктері және халықпен өзара әрекеттесу бағыттары туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.
.jpeg)
Сонымен қатар, студенттерге заңдылық пен қызметтік тәртіп талаптарының негізгі қағидалары түсіндірілді. Бұл талаптарды сақтау – полиция қызметкерлерінің тиімді және заңды қызмет атқаруының ажырамас шарты болып табылады.
Экскурсия болашақ заңгерлерге ішкі істер органдарының қызметінің практикалық қырларымен танысуға, мамандықтың ерекшеліктерін түсінуге және құқық қолдану қызметінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызын ұғынуға мүмкіндік берді.

Іс-шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының ассистент-профессоры Сағалбаева Роза Ерғалиқызы жетекшілік етті. Бұл студенттердің теориялық білімін ішкі істер органдарының практикалық қызметімен ұштастыруға ықпал етті.
"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы