«Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасағаны үшін жауапкершілік түрлері» тақырыбындағы қонақ дәрісFarabi University

«Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасағаны үшін жауапкершілік түрлері» тақырыбындағы қонақ дәріс

30 қазан, 2025

ТДМ 16 (бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар) аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінің 308 және 309 топ студенттері үшін «Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасағаны үшін жауапкершілік түрлері» тақырыбында қонақ дәріс өтті.

Іс-шараның мақсаты — студенттердің құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттыру, азаматтық ұстанымын қалыптастыру, сондай-ақ жеке жауапкершілік пен сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілікті дамыту.

Кездесуге полиция подполковнигі, Алматы қаласы Түрксіб ауданы полиция басқармасының анықтау бөлімінің аға анықтаушысы Абданбаева Ғажайып Алайдаpқызы шақырылды. Өз сөзінде ол студенттерге құқықтық жауапкершілік түрлері, әкімшілік, қылмыстық және тәртіптік құқықбұзушылықтардың айырмашылықтары туралы кеңінен түсіндіріп, тергеу тәжірибесінен нақты мысалдар келтірді.

Спикер жастар арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заңдарды, өз құқықтары мен міндеттерін білу маңыздылығы, сондай-ақ болашақ заңгерлердің кәсіби қызметінде адалдық пен ашықтық қағидаттарын сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударды.

Дәріс барысында студенттер белсенділік танытып, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен мемлекеттік қызметшілердің этикалық мінез-құлқының құқықтық аспектілеріне қатысты сұрақтар қойып, қызу пікірталас жүргізді. Құқық қорғау органының өкілімен өткен бұл ашық диалог кездесу атмосферасын ерекше қызықты әрі пайдалы етті.

Іс-шара жылы және танымдық рухта өтті, студенттердің құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ заңға құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етті.

Дәрісті ұйымдастырған — 129 ПК тобының кураторы, Сагалбаева Роза Ерғалиевна. Ол мұндай кездесулердің студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды ұғынуына, болашақ заңгер ретінде кәсіби этика мен заңдылық қағидаттарына адалдықты қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы