- Басты бет
- Жаңалықтар
- «ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ БИОАЛУАНТҮРЛІЛІГІН САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫСЫ ЖӘНЕ СЕКЦИЯЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ 06.11.25.
«ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ БИОАЛУАНТҮРЛІЛІГІН САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫСЫ ЖӘНЕ СЕКЦИЯЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ 06.11.25.
2025 жылдың 6 қарашасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында «Орталық Азияның биоалуантүрлілігін сақтау мәселелері мен перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық отырысы өтті. Отырыс барысында Қазақстан мен шетелдердің жетекші ғалымдарының баяндамалары тыңдалды. Зоология институтының бас директоры Роман Ященко Қазақстандағы сирек және жойылып кету қаупі бар жануарларды сақтаудың қазіргі тәсілдері туралы талдау жасады. Аграрлық ғылымдарының докторы, ҰҒА корреспондент-мүшесі Әловсат Гулиев (Әзірбайжан) Қарабақтың гидрологиялық мұрасы мен ландшафт динамикасы туралы баяндады. Қазақстан табиғатын қорғау қоғамының төрайымы Айжан Скакова Алматыдағы туристік маршруттар арқылы табиғи мұраны таныстыру тәжірибесін ұсынды. Конференция аясында 5 тақырыптық секция биоалуантүрлілікті мониторингтеудің қазіргі әдістері, экотуризмді дамыту, аймақтардың тұрақты дамуы және экологиялық білім беру мәселелерін талқылады.

1-секция – «Орталық Азияның биологиялық әртүрлілігін сақтау және тұрақты даму» тақырыбы бойынша ЮНЕСКО тұрақты даму кафедрасының профессоры Т.Л. Тажибаева және Баку мемлекеттік университетінің географиялық экология кафедрасының меңгерушісі, доцент М.М. Юсифова модераторлық етті. Қатысушылар өңірдегі климаттың өзгеруі, урбанизация және антропогендік факторлардың биологиялық әртүрлілікке әсерін бағалауға арналған зерттеулердің нәтижелерін ұсынды. Шарада сирек кездесетін және эндемиялық түрлерді қорғау, экожүйелерді қалпына келтіру мәселелері, сондай-ақ табиғи аймақтарды басқаруда халықаралық тәжірибені интеграциялау талқыланды. Кең географиялық қамтумен және Орталық Азия елдері арасында тұрақты даму саласында ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ғылыми идеялардың белсенді алмасуымен ерекшеленді.


2-секция – «Арнайы қорғалатын табиғи аумақтардың рөлі» Институт зоологиясының ғылыми хатшысы Г.Б. Танабекова мен ЮНЕСКО тұрақты даму кафедрасының доценті Г.Ә. Садырова модераторлығымен өтті. Секция аясында флористикалық және фаунистикалық әртүрлілікті сақтау, табиғи парктер мен қорықтарды басқару мәселелері, сондай-ақ экожүйелерді бағалау және мониторингтеудің қазіргі әдістері қаралды. Арнайы назар трансшекаралық ынтымақтастыққа, экологиялық ағартуға және экожүйелерді климаттық өзгерістерге бейімдеу шараларын әзірлеуге аударылды. Секция жұмысы арнайы қорғалатын табиғи аумақтардың биоәртүрлілікті және өңірдің табиғи мұрасын сақтаудағы негізгі құрал ретінде маңыздылығын көрсетті.


3-секция – «ГИС және цифрлық технологияларды биоәртүрлілік пен экотуризмді мониторингілеуде қолдану» сессиясы ЮНЕСКО тұрақты даму кафедрасының аға оқытушысы А.И. Бисенғалиев пен Халықаралық қашықтықтан зондтау және оның қолданылу лабораториясының директоры Д.К. Шокпарова модераторлығымен өтті. Кездесуде экожүйелердің жағдайын мониторингілеу және тұрақты экотуризмді дамытуға бағытталған геоинформациялық талдау, қашықтықтан зондтау және цифрлық картографияның заманауи әдістері талқыланды. Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия және Қытайдан келген қатысушылар цифрлық технологиялардың табиғи мұраны сақтау және табиғи ресурстарды басқарудағы әлеуетін көрсететін зерттеу нәтижелерін таныстырды. Секция жұмысы ғылыми өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі мен тұрақты дамудың мәселелерін шешуде салалар аралық тәсілдің ерекшелігін көрсетті. Цифрлық технологияларды қолдану Орталық Азияның табиғи ресурстарын тұрақты басқарудың негізгі механизмі екенін және оны өңірдің стратегиялық даму бағдарламаларына енгізу қажеттігін атап өтті.

4-секция – «Экологиялық білім беру және ағарту – биоәртүрлілік пен экожүйелік қызметтерді сақтаудың құралы» сессиясы Ресейдің Табиғи ғылымдар академиясының толық мүшесі, БГСХА құрметті докторы, Қазақстан Ғылым және Білім министрлігінің Топырақтану және агрохимия институтының өкілі Мұстафаев М.Г. және ЮНЕСКО тұрақты даму кафедрасының міндетін атқарушы профессоры Муханова Г.А. модераторлығымен өтті. Кездесу жылы әрі жемісті атмосферада өтті, бұл ғылыми идеялар мен тәжірибені белсенді алмасуға септігін тигізді. Секция жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Германиядан келген ғалымдар қатысты, олар экологиялық білім беру, экожүйелерді тұрақты басқару және биоәртүрлілікті сақтаудағы инновациялық тәсілдер туралы баяндамалар жасады. Арнайы назар халықаралық ынтымақтастыққа және экологиялық ағартуда ғылыми зерттеулерді практикаға енгізуге аударылды, бұл экологиялық білім берудің тұрақты дамудың негізгі факторы екендігін растады.


5-секция – «Батыс Қазақстан аймағының табиғи-ғылыми және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің жасыл өсу контекстіндегі тұрақты дамуы» сессиясы география ғылымдарының докторы, профессор М.А. Асқарова және география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы А.С. Ақтымбаева модераторлығымен өтті.


Отырыс барысында табиғи ресурстарды бағалау, климаттың өзгеруі, аймақтың жер, су және топырақ экожүйелерінің жағдайы сияқты өзекті мәселелер қаралды. Арнайы назар өнеркәсіптік әсер мәселелеріне, тұрақты дамудың әлеуметтік-экономикалық аспектілеріне және Батыс Қазақстан облысындағы «жасыл өсу» әлеуетіне аударылды. Секция жұмысы аясында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыруы шеңберінде орындалған BR21882122 «Батыс Қазақстан аймағының табиғи-ғылыми және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің жасыл даму контекстіндегі тұрақты дамуы: кешенді талдау, концепция, болжамдық бағалау және сценарийлер» ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері тыңдалып, талқыланды. Жиын жоғары ғылыми белсенділік пен конструктивті пікір алмасумен ерекшеленіп, аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша практикалық ұсыныстарды әзірлеуге бағытталды.
Басқа жаңалықтар