Халық заңгері – 2025Farabi University

Халық заңгері – 2025

31 қазан, 2025

2025 жылғы 31 қазанда Алматы қаласында Оқушылар сарайында халыққа тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған «Халық заңгері – 2025» республикалық әлеуметтік акциясы өтті.
Акцияның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, халыққа тегін заң кеңесін беру, сонымен қатар заңгер мамандығының әлеуметтік жауапкершілігін насихаттау болды.
Шара барысында азаматтар еңбек, тұрғын үй, әлеуметтік қамсыздандыру, кәсіпкерлік, жер және азаматтық құқық салаларындағы мәселелер бойынша кәсіби кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдері, тәжірибелі адвокаттар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері ұсынды.
Атап айтқанда, азаматтарға Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Исмагулов Нұржан,
Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Кесебаева Балаим Туғанбайқызы,
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Омаров Азат Сапарғалиевич,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Әлімхан Шынарай Әлімханқызы,
Алматы қаласының прокуроры, аға әділет кеңесшісі Серік Ақмырзаұлы Кәріпбеков кеңес берді.
Іс-шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің басшылығы, сондай-ақ кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының жанында құрылған Студенттік заң клиникасының өкілдері қатысты. Атап айтар болсақ,
– Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Ахатов Уалихан Ақыпбекұлы,
– Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Куаналиева Гульдана Амангельдиевна,
– Студенттік заң клиникасының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Байдельдинов Даулет Лаикович, Студенттік заң клиникасының директорының орынбасары Бакиров Дархан Абдиманапұлы, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушы Жапаков Сабыржан Малиұлы.