Салауатты өмір салты — мықты денсаулық кепіліFarabi University

Салауатты өмір салты — мықты денсаулық кепілі

15 қазан, 2025

2025 жылдың 15 қазанында әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде 117 топтың кураторлық сағаты өтті, оны кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы ұйымдастырды. Бұл шара ЦУР №3 — «Барлық жастағы адамдар үшін денсаулықты қамтамасыз ету және әл‑ауқатты арттыру» — мақсатында өткізілді, студенттер Шапқатова Іңкәрдің басшылығымен қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше мән берілді.
117 топ студенті, ҚР каратэ‑до бойынша мастер спорта Нұрғалиев Нұрсұлтан өз тәжірибесімен бөлісті — физикалық белсенділік, тәртіп пен күн тәртібінің маңыздылығын айтып, Азия және Қазақстан чемпионаттарында жеткен жетістіктері мен халықаралық турнирлерде алған тәжірибесі туралы әңгімеледі. Сағат барысында студенттер тартылу, жүгіру, жаттығу жасау және созылу жаттығуларын жасады, бұл оларды сергітіп, тұрақты физикалық белсенділіктің денсаулық үшін маңыздылығын ұғындыруға септігін тигізді.