«Таза Қазақстан» акциясы аясында салауатты өмір салты мен экологиялық мәдениетті насихаттауFarabi University

«Таза Қазақстан» акциясы аясында салауатты өмір салты мен экологиялық мәдениетті насихаттау

1 қараша, 2025

2025 жылғы 1 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының 2-курс, 208-топ студенттері БҰҰ-ның ТДМ 3 «Салауатты өмір салты және амандық» мақсаттары аясында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» республикалық акциясына белсене қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Алматы қаласы прокуратурасы және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті.

Акция Іле-Алатау ұлттық паркінің Алма-Арасан аймағында өткізілді. Қатысушылар аумақты тазалау, тұрмыстық қалдықтарды жинау және табиғи аумақтарды абаттандыру жұмыстарымен айналысып, экожүйені сақтау мен жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосты.

Студенттердің жұмысына жетекшілік және ұйымдастырушылық қолдау көрсеткендер: кафедра меңгерушісі профессор Г.А. Куаналиева, сондай-ақ оқытушылар М. Құрманжан, К.А. Бахманова және И.К. Шапкатова. Студенттер жоғары белсенділік, топтық бірлік және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жауапкершілікпен қарау үлгісін көрсетті.