Оқушылардың заңгерлік мамандыққа қызығушылығын арттыруға бағытталған кездесуFarabi University

Оқушылардың заңгерлік мамандыққа қызығушылығын арттыруға бағытталған кездесу

29 қазан, 2025

2025 жылдың 29 қазан күні Заң факультетіне Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының өкілдері және “Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментор” жобасының мүшелерімен бірге 30 оқушы келді.

Қонақтар факультеттің құрылымымен, оқу процесімен және студенттердің ғылыми-зерттеу қызметімен танысты.

Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Г.А. Қуаналиева іс-шара барысында кафедраның негізгі бағыттары, ғылыми жетістіктері мен оқу бағдарламалары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы оқушыларға құқық саласындағы мамандықтардың ерекшеліктерін түсіндіріп, кәсіби бағдар берді.

Кездесу жылы әрі мазмұнды жағдайда өтіп, оқушылардың болашақ мамандық таңдаудағы ынтасы мен қызығушылығын арттырды.