Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік: жалпы сипаттамаFarabi University

Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік: жалпы сипаттама

27 қазан, 2025

2025 жылы 27 қазанда 329 аудиторияда сағат 12.00 де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы Бахманова Қарлығаш Абдраимовнаның жетекшілігімен «Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабаққа 6B04202 – Мемлекеттік қызмет, 6B04203 – Кеден ісі, және 6B04204 – Қаржы құқығы мамандықтарының студенттері қатысты. Ашық сабақтың мақсаты – Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің құқықтық табиғатын, түрлерін және қолданылу ерекшеліктерін түсіндіру, студенттердің экологиялық құқық саласындағы теориялық және практикалық білімдерін жетілдіру.
Сабақ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ЦУР) 4-мақсаты — «Сапалы білім беру» бағытымен ұштасады. Бұл мақсат аясында сабақ студенттердің құқықтық санасын арттыруға, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталды.
Ашық сабақ интерактивті форматта өтті. Дәріс барысында оқытушы экологиялық құқық бұзушылықтардың құқықтық белгілерін, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шараларын, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін түсіндірді.
Студенттерге экологиялық құқық нормаларының тәжірибеде қолданылуы бойынша нақты мысалдар келтіріліп, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі негізінде құқықтық талдау жүргізілді. Сабақта сұрақ-жауап, пікірталас және практикалық тапсырмалар қолданылып, студенттердің белсенді қатысуы қамтамасыз етілді.