Студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау
29.10.2025 жылы Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы С.М. Жапақов №18-жатақхана студенттерімен БҰҰ-ның 3-тұрақты даму мақсаты (ЦУР №3) – «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» бағыты негізінде дәріс өткізді.
Кездесу барысында оқытушы қазіргі уақытта кең таралып жатқан тұмау мен маусымдық аурулардың алдын алу мәселелеріне тоқталып, студенттерге дұрыс және уақытылы тамақтану, спортпен шұғылдану, жеке гигиенаны сақтау және иммунитетті нығайту жолдарының маңыздылығын түсіндірді.
Сонымен қатар, жастарға салауатты өмір салтын ұстанудың пайдасы мен оның ұзақ әрі сапалы өмір сүруге әсері туралы кеңінен ақпарат берілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулық мәдениетін арттыру және жеке жауапкершілікті қалыптастыру.
Осындай танымдық кездесулер жастардың өз денсаулығына ұқыпты қарап, белсенді әрі пайдалы өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.