Студент бюджетін басқару негіздеріFarabi University

Студент бюджетін басқару негіздері

7 қараша, 2025

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, жеке бюджетті тиімді басқару дағдыларын қалыптастыру және табыс пен шығынды жоспарлау арқылы жауапты қаржылық шешім қабылдау мәдениетін дамыту. Сонымен қатар, студенттердің экономикалық ойлау қабілетін жетілдіру және тұрақты даму құндылықтарын түсіндіру көзделді.

4-курс студенттері арасында «Студент бюджетін басқару негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел және пікірталас өткізілді. Шара барысында қатысушылар студент өміріндегі қаржы мәселелерін, табыс көздерін ұлғайту және шығындарды азайту жолдарын талқылады. Пікірталаста студенттер жеке бюджетті жүргізудің қарапайым және тиімді тәсілдерін ұсынды, мысалы: шәкіртақыны табысты жоспарлау, артық шығындарды бақылау, жинақ жасау және қаржыны мақсатты түрде пайдалану.

Сондай-ақ қатысушылар заманауи қаржылық құралдар – банк қосымшалары, онлайн-бюджет жоспарлағыштар және мобильді қаржы есептегіштерді қолдану тәжірибесімен бөлісті. Талқылау барысында студенттер өздерінің тұрмыстық жағдайынан мысалдар келтіріп, қаржы сауаттылығының өмір сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті.

Дөңгелек үстел ашық және еркін пікір алмасу форматында өтіп, студенттердің белсенділігі мен қызығушылығы жоғары деңгейде болды. Іс-шараның нәтижесінде студенттер қаржыны ұтымды басқару – экономикалық тұрақтылық пен жеке дамудың негізі екендігін түсінді.

Дөңгелек үстел мен пікірталас студенттердің экономикалық сауаттылығын арттыруға және қаржы мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Іс-шара нәтижесінде студенттер бюджетті тиімді басқарудың жеке өмір мен кәсіби дамудағы маңызын түсінді. Осындай іс-шаралар жастардың қаржылық дербестігін нығайтып, тұрақты даму құндылықтарына бейім тұлға қалыптастыруға ықпал етеді.