Ақнұр Тұрғымбаева Термездегі халықаралық конференцияда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды таныстырдыFarabi University

Ақнұр Тұрғымбаева Термездегі халықаралық конференцияда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды таныстырды

27 қазан, 2025

2025 жылғы 17–18 қазан аралығында Өзбекстан Республикасының Термез қаласында орналасқан Ташкент мемлекеттік медицина университетінің Термез филиалы базасында «Фармакология, фармацевтика және халық медицинасы: өзекті мәселелер мен инновациялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Аталған іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің атынан медицина және денсаулық сақтау факультетінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары, PhD, қауымдастырылған профессор Тұрғұмбаева Ақнұр Аманбекқызы қатысып, ауызша баяндама жасап, модератор ретінде қатысты.
Конференцияға әртүрлі елдерден жетекші ғалымдар, профессор-оқытушылар құрамы және жас зерттеушілер қатысты. Қатысушылар фармация, фармакология және халық медицинасы салаларындағы өзекті мәселелерді талқылап, заманауи ғылыми көзқарастар мен инновациялық шешімдерді ортаға салды.
Мұндай халықаралық конференциялар академиялық ынтымақтастықты нығайтуға және ғылыми байланыстарды дамытуға зор мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Ташкент мемлекеттік медицина университеті, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның ғылыми қауымдастықтары арасындағы өзара серіктестікті тереңдетуге ықпал етеді.