- Басты бет
- Жаңалықтар
- География және табиғатты пайдалану факультетінің студенттері жүлдері орынға ие болды
География және табиғатты пайдалану факультетінің студенттері жүлдері орынға ие болды
2025 жыл – адамзат өркениетінің ұлы тұлғасы, екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл. Әл-Фараби – адамзат мәдениетінің темірқазығы, әлемдік өркениет кеңістігінде ақыл мен парасаттың, ізгілік пен білімнің нұр шамшырағын жаққан ұлы ойшыл. Осы орайда, 3–8 қараша аралығында Қазақ ұлттық университетінде ұлы ғалымның 1155 жылдық мерейтойына арналған «Әл-Фараби апталығы» өтті.
Апталық аясында ғылыми жобалар, Фарабитанушылармен кездесулер, «Фарабидің даналығы және болашақ технологиялар» тақырыбында эссе, «Фараби идеяларын заманауи тілмен көрсету» Инфографика / постер , ЖИ және Әл-Фараби тақырыбында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. «Әл-Фараби апталығы» аясында география және табиғатты пайдалану факультетінде де түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
Білім алушылар өздерін түрлі бағыттар бойынша сынап көрді. Ең үздік деген жұмыстар Әл-Фараби орталығына жолданды. Орталық университет деңгейінде ең үздік жеңімпаздарды анықтап, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма мүшесі – Ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Ибраимов Маргулан Қасенұлының өзі арнайы сыйлықтармен марапаттады.
Факультетіміздің «6B07304 Кадастр» БББ-ның 1 курс студенті Серік Мағжан Бағланұлы «Фарабидің даналығы және болашақ технологиялар» тақырыбына эссе жазып, 3 орын иеленсе, «8D07302 Геоинформатика» БББ-ның 1 курс докторанты Тұрымтаев Жанарыс Бақытжанұлы «ЖИ көмегімен жасалған әл-Фараби бейнесі және сөзі» атты ЖИ көмегімен видео жасап, жүлделі 2 орын иеленді.


Факультетіміздің үздік студенттерін ғылым мен білімде алар шыңдарыңыз биік болсын деп жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз.
Басқа жаңалықтар