«Біздің өміріміздегі стресс» атты тренингFarabi University

«Біздің өміріміздегі стресс» атты тренинг

13 қараша, 2025

13 қараша күні №9 жатақханада кіші курс студенттеріне арналған «Біздің өміріміздегі стресс» атты тренинг өтті. Шараға 25 студент қатысып, олардың басым бөлігі — 1 курс тыңдармандары. Тренинг әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «Денсаулық жолындағы серіктестер» қоғамдық ұйымы арасындағы бірлескен жобаның аясында ұйымдастырылды. 2023 жылдан бері жалғасып келе жатқан бұл ынтымақтастық жастардың психологиялық саулығын қолдауға бағытталған тұрақты және нәтижелі дәстүрге айналды. Тренингті психология мамандығының 3 курс студенттері — Достнова Айжан, Қырықбаева Динара және Жангазинова Сабина жүргізді. Олар жобаның еріктілері ретінде «Тең-теңімен» қағидасы бойынша жұмыс істейді, бұл формат студенттер үшін ақпараттың барынша қолжетімді әрі түсінікті болуына мүмкіндік береді. Тренинг барысында қатысушылар стресс ұғымының мәнін, оның жиналу себептерін, сондай-ақ отбасынан алыста тұратын студенттердің жиі кездесетін қиындықтарын талқылады. Тыңдармандар өмірден алынған мысалдармен бөлісіп, жатақханадағы күнделікті жағдайларды қарастырды, тыныс алу жаттығуларын орындап, өздерінің жеке «Ресурстар картасын» әзірледі. Бұл тренинг әсіресе 1 курс студенттері үшін маңызды болды. Өйткені олар жаңа ортаға бейімделу кезеңінен өтуде: өз бетімен өмір сүруді үйреніп, оқу жүктемесінің артуына тап болады, жаңа әлеуметтік байланыстар орнатады және көптеген өзгеріс жағдайында стрессті басқару дағдыларын дамытады. Осындай қолдау олардың ішкі тұрақтылығын күшейтіп, оқу процесіне тиімді бейімделуіне ықпал етеді. Барлық қатысушыларға белсенділігі, ашықтығы және өз психологиялық денсаулығына жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыс білдіреміз