Кластерде жаратылыстану және техникалық ғылымдар (физика, математика, география, картография, ғарыштық технологиялар және т.б.) саласында қолданбалы және іргелі зерттеулер жүргізуге арналған мамандандырылған зерттеу жабдықтары бар.
Қызметінің негізгі бағыттары:
- жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласында қолданбалы және инновациялық зерттеулер жүргізу;
- жаңа техника мен материалдарды, ғылымды қажетсінетін технологияларды құру, игеру және енгізу;
- ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жоспарларын жобалауға және әзірлеуге қатысу;
- жоғары білікті мамандарды даярлауға инновациялық менеджментке, ғылымды қажетсінетін өнімнің маркетингіне, оның өндірісін ұйымдастыруға жәрдемдесу;
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Қазақстан Республикасының басқа да ғылыми мекемелерінің профессорлық-оқытушылық құрамының, ғалымдары мен мамандарының, қызметкерлерінің қатысуымен ғылыми-техникалық салада кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру;
- ғылымды қажет ететін өнімдердің сыртқы нарыққа шығуына және шетелдік инвестицияларды тартуға және технологиялар трансфертіне ықпал ететін халықаралық шарттар жасасуға жәрдемдесу;
- техникалық қызметтер (телекоммуникацияларға, ғылыми және зертханалық жабдықтарға, компьютерлік техникаға қолжетімділікті қамтамасыз ету, мәжіліс залын ұсыну және т.б.).