Орталықта иммунология және биомедицина саласының бірқатар ғылыми бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін мол тәжірибе бар. Қазіргі кезде орталық қызметкерлері иммунология, дәрілік өсімдіктер, қоршаған орта физиологиясы және токсикология салаларында зерттеулер жүргізеді.2023 жылы Қазақстан Республикасы ҒжЖБ министрлігінің 2022-2025 жылдарға арналған биология және медицина ғылымдары саласындағы іргелі зерттеулер бағдарламасы бойынша ашық конкурста Биомедицина ғылыми-зерттеу орталығы 2 жоба жеңіп алды және 1 бағдарламаға өтініш берілді.
Биомедицина ғылыми-зерттеу орталығының негізгі мақсаты – хрономедицина, хронобиология, иммунология, экдокринология, биомассаж, акупунктура, медициналық биофизика, ПТР талдау, фитопрепараттарбиомедицина саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын әзірлеу және енгізу: Жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін тиісті салалар мен оқу үдерісіне әзірлеу және енгізу, Қазақстан Республикасы экономикасының өсуіне ықпал ету.
Орталықтың міндеттері:
- Ғылыми бағытты әзірлеу, биомедицинаға қатысты оқу-әдістемелік материалды дайындаумен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- Ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жоспарларын ұсыну және әзірлеуге қатысу;
- Scopus және/немесе Web of Science халықаралық деректер базасында индекстелген рейтингтік жарияланымдарда ғылыми мақалаларды дайындау және жариялау мақсатында Орталықтың құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту, бірлескен зерттеулер жүргізу,;
- Қазіргі заманғы биомедициналық әдістермен адам ағзасының әртүрлі ауруларының алдын алу және емдеу бойынша жағдайды жақсарту және денсаулықты сақтау үшін қажетті жаңа өнімдерді әзірлеу, енгізу және коммерцияландыру үшін зерттеу нәтижелерін пайдалану;
- Орындалған жұмыстардың негізінде қажетті материалдарды, жабдықтарды дайындау және орталықтың жұмысына жағдай жасау;
- Студенттер, магистранттар және докторанттар үшін өндірістік тәжірибеден өту үшін зертханалық жағдай жасау;
- Ғылыми конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, конкурстарға, көрмелерге және басқа да іс-шараларға қатысу;
- Университеттің басқа бөлімдерімен бірлесіп ішкі және сыртқы нарықтағы қызметтің мақсаттары мен стратегияларын әзірлеу;
- Іргелі және қолданбалы бағдарламаларды, оның ішінде республикалық және жергілікті бюджеттердің, халықаралық ұйымдар мен қорлардың қаражаты есебінен, сондай-ақ келісімшарттық жұмыстарды қаржыландыру бойынша конкурстарға қатысу;
Ыдырыс Әлібек
Биомедицина ғылыми орталығының директоры
PhD докторы, Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі, «Болашақ» түлегі.
Абдолла Нұршат
Ғылыми қызметкер PhD., АҒҚ.
Институт қызметкерлері университеттің ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді түрде үлес қосуда:
- 2018-2020 ж. – ҚР БҒМ Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бағдарламасы бойынша АP05131710 «Тәжірибеде ісіктердің өсуін стимулятор ретінде созылмалы қабынуды басу үшін миелоидты супрессорлық жасушаларды (MDSC) түзетудің фармакологиялық тәсілдері» атты жоба орындалды.
- 2021 жыл – ҚР БҒМ Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бағдарламасы бойынша АP09562010 – «Физиологиялық және патологиялық жағдайларда сүйек кемігінің жасушаларынан түзілген миелоидты супрессорлық жасушалардағы NF-κB сигналдарының белсенділігі» атты жоба жүзеге асырылды.
- 40 мақала халықаралық Scopus және Web of Sciences деректер базасында және 11 мақала ҚР БҒССҚК ұсынған ғылыми журналдарда жарияланды.
- QS wownews.com сайтында ҚазҰУ биомедицина ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы имидждік мақала жарияланды. Ғылымға қосқан үлесін насихаттау және ҚазҰУ имиджін көтеру аясында. әл-Фараби БАҚ және басқа да республикалық ауқымдағы телебағдарламалар үшін 20-дан астам материал ұсынды.
- «Биомедицина ғылыми-зерттеу орталығына» тиеселі Biomedicine.kz авторлық веб-сайты құрылды, веб-сайтты құрудағы мақсат ғылыми нәтижелерді, атқарылған жұмыстарды халыққа жариялау, университет рейтингін көтеру және жеке брендті ілгерілету және пандемия кезінде пайдалы ұсыныстар беру болды. .
- 11.02.2021 ж. № 15109 авторлық куәлік алынды.
- «Дәрілік өсімдік сығындыларының біріктірілген қабынуға қарсы әсер ету механизмдері» патентіне өтінім берілді.
-
2023 жылға арналған Биомедицина ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми-зерттеу жобаларының тізбесі
№
п/п
|
Жобаның атауы,
Жетекшісінің аты
|
Орындау мерзімі
|
Қаржыландыру ұйымы
|
Қаржыландыру Түрі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
AP13067924- “Өндірісте игеруге перспективті Asteraceae тұқымдасының кейбір дәрілік өсімдік түрлерін кешенді зерттеу ”
Жетекші: Ыдырыс Ә.
|
2021-2023
|
ҚР ҒжЖБ
|
Гранттық қаржыландыру
|
2
|
AP19575254 “Циркадиандық бұзылумен біріктірілген семіздік моделіндегі миелоидтық супрессорлық жасушалардың фенотипттік және функционалдық ерекшеліктеріне мелатонинның әсері”
Жетекші: Абдолла Н.
|
2023-2025
|
ҚР ҒжЖБ
|
Гранттық қаржыландыру
|
3
|
BR21881876- «Шикізат пен ауыл шаруашылығы қалдықтарын терең өңдеудің жаңа әдістері мен технологияларын әзірлеу» (берілді)
Жетекшісі: Ыдырыс Ә.
|
2023-2025
|
ҚР ҒжЖБ
|
Гранттық қаржыландыру
|
-
Құрылғаннан бері қарай биомедицина ғылыми-зерттеу орталығы ел ішіндегі, алыс және жақын шетелдердің ғылыми орталықтарымен және институттарымен белсенді ынтымақтастықта болды және ынтымақтастықты жалғастыруда: М.А. Айтхожин атындағы ИМББ, «SPTC Жалын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-зерттеу техникалық университеті, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің биомедициналық проблемалар институты (Мәскеу), Джордж Вашингтон университеті (GWU) (АҚШ, Вашингтон), РҒА Жасушалық биофизика институты (Пущино), Бен-Гурион университеті Израиль (Негев), Дрексел университеті (АҚШ, Филадельфия), Қазақтың дәстүрлі медицина ғылыми-зерттеу институты (Қытай, Үрімші), Акдениз университеті (Анталия, Түркия), Санкт-Петербург Пастер. институты (Санкт-Петербург) және т.б.
2022-2023 жылдардағы жобалар шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастық
|
Орталық директоры Ыдырыс Әлібек «Болашақ» бағдарламасы бойынша жордж Вашингтон университетінде (АҚШ) «Білім берудегі менеджмент» (Жоғары білім берудегі стратегиялық менеджмент және көшбасшылық. Университетті басқару) мамандығы бойынша білім алды. және ол аталғанн университет ғалымдарымен ғылыми зерттеулерде тығыз жұмыс істейді.
|
|
AP19575254 «Семіздік үлгісіндегі миелоидты супрессорлық жасушалардың фенотиптік және функционалдық сипаттамаларына мелатониннің тәуліктік ырғақ бұзылыстарымен үйлесуі» жобасының жетекшісі мен Санкт-Петербург Пастер институтының профессоры Беляев Николай Николаевичпен бірлескен зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
|
Зерттеу орталығы бакалавриат және/немесе магистратура, докторантура бағдарламаларын оқытуға (оқу бағдарламасы, оқыту және қадағалау арқылы) өз үлесін қосуда:
- Лазерлік биомедициналық нанотехнологиялардың негіздері
- Дәрілік заттардың динамикасы мен кинетикасы
- Биологияны оқыту әдістемесі
- Тіршіліктің пайда болуының қазіргі теориялары
- Биология біліміндегі цифрлық мазмұн
-
Алдағы уақытта Биомедицина ғылыми-зерттеу орталығы биомедицина, хрономедицина, хронобиология, иммунология, биомассаж, акупунктура, фитопрепараттар, эндокринология, медициналық биофизика, тағы басқа салалардағы ғылыми зерттеулерді биологиялық технологиялар мен талдауларды пайдалана отырып кеңейтуді жоспарлап отыр.