Тарих ғылымдарындағы визуалдық бетбұрыс: бейнелерді талдау мен интерпретациялау әдістеріFarabi University

Тарих ғылымдарындағы визуалдық бетбұрыс: бейнелерді талдау мен интерпретациялау әдістері

1 желтоқсан, 2025

2025 ж. 2 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультетінің «Орталық Еуразияның тарихы мен мәдениеті» ғылыми-зерттеу орталығы Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының шақырылған профессоры және Жаңа Сорбонна университеті (Sorbonne Nouvelle — Paris) Кино және аудиовизуалдық өндіріс зерттеулері институтының шақырылған зерттеушісі Виктория Васильеваның қатысуымен онлайн форматта ғылыми семинар өткізеді.

Семинар тақырыбы: «Тарих ғылымдарындағы визуалдық бетбұрыс: бейнелерді талдау мен интерпретациялау әдістері»

Талқылауға ұсынылатын мәселелер:

қазіргі тарих ғылымындағы визуалды дереккөздерге қатысты негізгі теориялық тәсілдер;

әртүрлі типтегі визуалды материалдармен жұмыс істеудің ерекшеліктері;

тарихи нарративті қалыптастыруға визуалды талдаудың ықпалы.

 

Семинарға дайындық үшін оқуға ұсынылған мақала:

Соколов А. Б. Текст, образ, интерпретация: визуальный поворот в современной западной историографии // Оче-видная история. Проблемы визуальной истории России XX столетия. Мақалалар жинағы / [ред. алқасы: И. В. Нарский және басқалар]. — Челябинск: Каменный пояс, 2008.

Сілтеме: Zoom конференциясы

https://uw-edu-pl.zoom.us/j/95350708215?pwd=6ZHgXHtm5ccixKCJIjF0NhLa3WFJmB.1

Кездесу идентификаторы: 953 5070 8215

Кіру коды: 901733

 Уақыты: 2 желтоқсан 2025 жыл, сағат 17:00, Алматы