- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тарих ғылымдарындағы визуалдық бетбұрыс: бейнелерді талдау мен интерпретациялау әдістері
Тарих ғылымдарындағы визуалдық бетбұрыс: бейнелерді талдау мен интерпретациялау әдістері
2025 ж. 2 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультетінің «Орталық Еуразияның тарихы мен мәдениеті» ғылыми-зерттеу орталығы Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының шақырылған профессоры және Жаңа Сорбонна университеті (Sorbonne Nouvelle — Paris) Кино және аудиовизуалдық өндіріс зерттеулері институтының шақырылған зерттеушісі Виктория Васильеваның қатысуымен онлайн форматта ғылыми семинар өткізеді.
Семинар тақырыбы: «Тарих ғылымдарындағы визуалдық бетбұрыс: бейнелерді талдау мен интерпретациялау әдістері»
Талқылауға ұсынылатын мәселелер:
• қазіргі тарих ғылымындағы визуалды дереккөздерге қатысты негізгі теориялық тәсілдер;
• әртүрлі типтегі визуалды материалдармен жұмыс істеудің ерекшеліктері;
• тарихи нарративті қалыптастыруға визуалды талдаудың ықпалы.
Семинарға дайындық үшін оқуға ұсынылған мақала:
Соколов А. Б. Текст, образ, интерпретация: визуальный поворот в современной западной историографии // Оче-видная история. Проблемы визуальной истории России XX столетия. Мақалалар жинағы / [ред. алқасы: И. В. Нарский және басқалар]. — Челябинск: Каменный пояс, 2008.
Сілтеме: Zoom конференциясы
https://uw-edu-pl.zoom.us/j/95350708215?pwd=6ZHgXHtm5ccixKCJIjF0NhLa3WFJmB.1
Кездесу идентификаторы: 953 5070 8215
Кіру коды: 901733
Уақыты: 2 желтоқсан 2025 жыл, сағат 17:00, Алматы
Басқа жаңалықтар