«Алаштың ардақты арысы» атты дөңгелек үстел
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының профессоры, филос.ғ.д., Н.Ж. Байтенова, филол.ғ.к., доцент М.Р. Балтымова мен 1 курс докторанты Ж.А. Байгараевтың және музейдің ғылыми қызметкері А.А. Сарсембековтың ұйымдастыруымен Ұлытау облысы мәдениет, тілдердерді дамыту және архив ісі басқармасының Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейінде Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам кайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Алаштың ардақты арысы» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің жұмысына тарихшылар, өлкетанушылар, музей қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, жас ғалымдар мен мектеп оқушылары қатысты.
Шараның басты мақсаты – қазақ халқының рухани жаңғыруына елеулі үлес қосқан М. Дулатұлының ағартушылық, саяси және педагогикалық мұрасын насихаттау және ғылыми тұрғыдан талдау болды.
Осындай басқосулар жас ұрпақтың ұлттық тарихты терең меңгеруге, тұлғатану мәдениетін қалыптастыруына зор мүмкіндіктер береді.

Басқа жаңалықтар