«Алаштың ардақты арысы» атты дөңгелек үстелFarabi University

«Алаштың ардақты арысы» атты дөңгелек үстел

4 желтоқсан, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының профессоры, филос.ғ.д. Н.Ж. Байтенова, филол.ғ.к., доцент М.Р. Балтымова, 1 курс докторанты Ж.А. Байгараев және музейдің ғылыми қызметкері А.А. Сарсембековтың ұйымдастыруымен Ұлытау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Сәкен Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи-өлкетану музейінде қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Алаштың ардақты арысы» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің жұмысына тарихшылар, өлкетанушылар, музей қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, жас ғалымдар мен мектеп оқушылары қатысты.

Шараның басты мақсаты – қазақ халқының рухани жаңғыруына елеулі үлес қосқан М. Дулатұлының ағартушылық, саяси және педагогикалық мұрасын насихаттау және ғылыми тұрғыдан талдау болды.

Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – «Сапалы білім» аясында жүзеге асырылып, білім алушылардың тарихи санасын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарға негізделген сапалы білім беруге бағытталды.

Осындай басқосулар жас ұрпақтың ұлттық тарихты терең меңгеруге, тұлғатану мәдениетін қалыптастыруына зор мүмкіндіктер береді.