Биотехнология кафедрасында биология бойынша Қазақстан Республикасы Республикалық олимпиадасының жүлдегер-оқушыларына арналған зертханалық зерттеу әдістері бойынша шеберлік-курсы өткізілді. Интенсивті тренинг бағдарламасы қатысушыларды халықаралық биология олимпиадасына (IBO) тереңдетіп дайындауға және олардың заманауи биохимиялық және эксперименттік әдістер саласындағы практикалық дағдыларын дамытуға арналды.
Шеберлік-курс барысында оқушылар тиісті зертханалық әдістемелерді қолданып жұмыс істеуге, университеттің ғылыми-зерттеу инфрақұрылымымен танысуға және заманауи ғылым мен биотехнология саласында қажетті дағдыларды игеруге мүмкіндік алды. Оқытудың бұл форматы ерте мансаптық бағдар беруді қолдап, зерттеушілік ойлауды қалыптастыруға және әрі қарай білім алуға ынталандыруға ықпал етеді.
Бұл бастама оқудың сапасын арттыруға және жастардың тәжірибеге бағытталған білім мен дағдыларға қолжетімділігін кеңейтуге үлес қоса отырып, БҰҰ-ның №4-"Сапалы білім беру" Тұрақты даму мақсатын қолдайды. Тренингтер өткізу сапалы және қолжетімді білім беру үшін жағдай жасайды, сондай-ақ Халықаралық интеллектуалдық жарыстарға қатысуға дайындалып жүрген талантты мектеп оқушылары арасында үздіксіз оқу және құзыреттіліктерін дамыту қағидаттарын қолдайды.
Дайындаған: б.ғ.к. аға оқытушы А.А.Мелдебекова.


