- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Менопауза және климакс: тамақтану, гормоналдық тепе-теңдік және бақытты әйел болып қалу жолдары» ЦУР 3 аясындағы ҚазҰУ оқытушысының қатысуымен өткен подкаст
«Менопауза және климакс: тамақтану, гормоналдық тепе-теңдік және бақытты әйел болып қалу жолдары» ЦУР 3 аясындағы ҚазҰУ оқытушысының қатысуымен өткен подкаст
2025 жылғы 13 қаңтарда биология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы Торманова Анель Нұртаевна «Менопауза және климакс: тамақтану, гормоналдық тепе-теңдік және бақытты әйел болып қалу жолдары» атты подкастқа қатысты.
Іс-шара әйелдерді менопауза кезеңіне дайындалу, денсаулықты сақтау, дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік стратегияларын таңдау және психоэмоционалдық әл-ауқатты қолдау мәселелері бойынша ақпараттандыруға бағытталды. Оның негізгі мақсаты – өмір сапасын ұзақ жылдар бойы сақтау.
Подкаст Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты — «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» міндеттерін іске асыру аясында ұйымдастырылып, әйелдер денсаулығы туралы білімнің кеңінен таралуына ықпал етті.
Негізгі бағыттар ретінде климаксқа қатысты кең таралған мифтерді сараптамалық талқылау, рационалды тамақтану және оның гормоналдық тепе-теңдікті сақтаудағы рөлі, әйелдерге арналған физикалық белсенділіктің түрлері мен маңызы, әйел денсаулығына қатысты шығыстық көзқарастар, сондай-ақ стрессті басқару және ішкі үйлесімді ұзақ мерзімге сақтау әдістері қамтылды.
Подкаст өткізу бастамасын шақырылған сарапшылар қолдап, подкаст жүргізушісі Асель Машанова іс-шараның серіктесі ретінде қатысты.
Подкаст YouTube платформасында жарияланып, 383 869 қаралым жинады және 13 мыңнан астам пікір қалдырылды. Жазбаға қатысқандар: подкасттың авторы әрі жүргізушісі Асель Машанова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы Торманова Анель Нуртаевна және нутрициология саласындағы шақырылған сарапшы Айнұр Ургешбаева.
Подкаст форматы әйелдерді өмірдің осы күрделі өзгерістер кезеңінде нақты қолдауға бағытталған, білім алмасуға арналған қолжетімді, мазмұнды және мотивациялық алаң құруға мүмкіндік берді, сондай-ақ әйелдердің менопауза кезеңіне деген саналы көзқарасын арттырды.
Подкаст менопауза, дұрыс тамақтану, физикалық белсенділікті сауатты таңдау және психоэмоционалдық әл-ауқатты ұзақ жылдар бойы сақтау мәселелері бойынша әйелдердің ақпараттану деңгейін арттыруға елеулі үлес қосты. Тыңдармандар менопауза кезеңіндегі денсаулық туралы білімдерін кеңейтіп, өмір сапасы мен ішкі тепе-теңдікті сақтауға арналған практикалық ұсынымдар алды.

Пост о мероприятии: https://www.youtube.com/watch?v=9Ai6Y-9aBhU
#SDG #SustainableDevelopment #THEImpact #KazNU #SDG_KazNU #SustainableKazNU
Басқа жаңалықтар