- Басты бет
- Жаңалықтар
- Алматы қаласының тұрғындарына арналған туристік білімді ілгерілету бойынша бірлескен тренинг өтті
Алматы қаласының тұрғындарына арналған туристік білімді ілгерілету бойынша бірлескен тренинг өтті
2025 жылғы 19 желтоқсанда Рекреациялық география және туризм кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Қазақстан Туристік Қауымдастығының базасында Алматы қаласының тұрғындарына арналған туристік білімді ілгерілету бойынша бірлескен тренинг өткізді.
Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ЦУР) іске асыру аясында ұйымдастырылып, сапалы білім беру (ЦУР 4), лайықты еңбек пен экономикалық өсім (ЦУР 8), сондай-ақ орнықты қалалар мен қауымдастықтарды дамыту (ЦУР 11) бағыттарына сәйкес келді. Университет жергілікті тұрғындармен жүйелі жұмыс жүргізуге, туристік сауаттылықты арттыруға және қоғамды туризм мен қонақжайлылық саласының дамуына кеңінен тартуға ерекше мән береді.

Тренинг барысында қонақжайлылық индустриясындағы өзекті мәселелер, кадрлық даярлау, қызмет көрсету сапасы, туристік білімнің еңбек нарығындағы рөлі жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ туризмнің шетелдік қонақтармен тікелей коммуникация құралы екені, осыған байланысты кәсіби, тілдік және мәдени құзыреттердің маңыздылығы атап өтілді.
Қатысушыларға туризмді ақпараттық қолдаудың ел экономикасындағы стратегиялық рөлі, өңірлердің оң имиджін қалыптастырудағы және туристік ағынды арттырудағы маңызы түсіндірілді. Бұл мәселелер Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айтылған адами капиталды дамыту, қызмет көрсету саласын күшейту және тиімді коммуникацияларды қалыптастыру жөніндегі басымдықтармен үндеседі.
Аталған тренинг академиялық орта, кәсіби қауымдастық және қала тұрғындары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, туристік білімді насихаттауға және туризмнің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бағыты ретіндегі рөлін күшейтуге бағытталған маңызды алаң болды.