- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 4. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына саяхат
ТДМ 4. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына саяхат
Шетелден келген тыңдаушыларды қоғамға бейімдеу сабақтан тыс уақытта әсем қаламыздың көрікті жерлерін аралап, мәдени орталар театр, кинотеатр сынды жерлерге жиі барып тұру қоғамға тез үйренісуіне ықпалы мол. Осы орайда БІР ТҰТАС ТӘРБИЕ (ТМД 4-11) аясында ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ тыңдаушылары Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Құлагер» қойылымын тамашалап қайтты.
Бұл мәдени танымдық шараның мақсаты – тыңдаушыларды қазақ әдебиеті мен театр өнерінің рухани құндылықтарымен таныстыру, ұлттық мұраға қызығушылығын арттыру және көркемдік талғамын дамыту еді.
Шара барысында тыңдаушыларға Ғ. Мүсірепов театрының тарихымен, оның репертуарлық бағытымен қысқаша таныстырыдық. Театрдағы көрермен мәдениеті туралы да нұсқаулық беріліп, спектакльдің мазмұны мен негізгі идеясы алдын ала түсіндірілді.
Қойылым барысында тыңдаушылар Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасының сахналық интерпретациясын тамашалап, Құлагер тұлпарының қасіретті тағдыры мен Ақан серінің қайғылы бейнесін жаңа қырынан қабылдады. Қойылымдағы музыкалық сүйемелдеу, хореография, жарық беру шешімдері мен актерлердің шынайы ойыны тыңдаушыларға ерекше әсер қалдырды