ТДМ 3. «Көңілді үзіліс» – күйзеліске қарсы шағын демалыс алаңы
ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы тыңдаушылардың психологиялық жүктемесін азайтып, эмоционалдық саулығын жақсарту мақсатында «Көңілді үзіліс» атты қолдау шарасын ұйымдастырды.
Шараның ТДМ аясындағы мақсаты:
Бұл бастама Тұрақты даму мақсаттарының 3-ші тармағы – «Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың игілігін арттыру» бағытында жүзеге асырылды. Сонымен қатар, шара 4-ші ТДМ – «Сапалы білім беруді қамтамасыз ету» мақсатына да тікелей ықпал етеді.
Мақсат – тыңдаушылардың психологиялық саулығын нығайту, күйзелісті азайту, оқу тиімділігін арттыру және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру.
Шара аясында: сергітетін спорттық ойындар; сурет салу, шығармашылық жұмыстар; ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу; ән айту, тоқу, көркем кесте тігу секілді демалысқа бағытталған ермек түрлері ұйымдастырылды. Бұл әрекеттер тыңдаушылардың шығармашылық энергиясын ашуға, майда моторикасын дамытуға және эмоционалдық тұрақтылығын арттыруға бағытталды.
«Көңілді үзіліс» шағын ғана шара болғанымен, тыңдаушылардың: көңіл күйін жақсартуға, ішкі сенімділігін арттыруға, сабақ пен емтиханға дайындықты жеңілдетуге, жалпы психологиялық саулығын нығайтуға зор ықпал етті. Мұндай шағын, бірақ маңызы зор үзілістер тыңдаушыларға күш жинап, сенімділік алып, сабақ пен емтиханды жақсы нәтижемен өткізуге көмектеседі.
Шара тұрақты даму мақсаттарын қолдай отырып, тыңдаушылар үшін қауіпсіз, жайлы және қолдау көрсететін оқу ортасын қалыптастыруға мүмкіндік берді.