ТДМ 5  – Гендерлік теңдік. Women in STEM/IT: әйелдердің ғылымдағы тәжірибесі және IT. Жасанды интеллект және Big Data кафедрасыFarabi University

ТДМ 5  – Гендерлік теңдік. Women in STEM/IT: әйелдердің ғылымдағы тәжірибесі және IT. Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы

22 қазан, 2025

Women in STEM/IT: әйелдердің ғылымдағы тәжірибесі және IT тақырыбы аясында бірқатар академиялық курстар мен жобалар ұсынылып, қорғалды. Sustainable Business Strategy курсы бойынша Мансурова Мадина Есимхановна тұрақты даму қағидаттарын бизнес стратегиясына енгізу мәселелерін таныстырды. Green and Sustainable Project Management курсы аясында Сарсембаева Талшын Сағдатбекқызы экологиялық жауапты жобаларды басқару тәсілдерін көрсетті. Green Entrepreneurship and Innovation бағыты бойынша Еркін Жадыра жасыл кәсіпкерлік пен инновациялардың маңызын ашып көрсетті. Ұсынылған жобалар тұрақты даму мен инновацияны ұштастыруға бағытталды. Қорғау барысында қатысушылар теориялық білімдерін практикалық мысалдармен негіздеді. Әйелдердің ғылым мен IT саласындағы кәсіби рөлі мен тәжірибесіне ерекше назар аударылды. Талқылау барысында гендерлік теңдік пен мүмкіндіктерді кеңейту мәселелері көтерілді. Іс-шара қатысушылардың ғылыми ойлауын және кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етті. Аталған қорғау STEM және IT салаларында әйелдердің белсенділігін қолдауға бағытталған маңызды академиялық бастама болды.