ТДМ 3. «Витаминдердің денсаулықтағы ролі»
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушыларымен бірлесіп, Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) насихаттау мақсатында «Витаминдердің денсаулықтағы рөлі» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – тыңдаушылардың витаминдер тақырыбы бойынша білімін тереңдету, негізгі сұрақтарды талқылау, витаминдердің түрлері мен олардың адам ағзасындағы рөлін ғылыми тұрғыда түсіндіру. Шара барысында витаминдердің суда еритін және майда еритін екі негізгі тобы туралы мәлімет беріліп, олардың ағза үшін маңызы кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, витаминдердің тәуліктік қажетті мөлшері, олардың ашылу тарихы, әрбір витамин түрінің адам денсаулығына тигізетін пайдалы әсері туралы мазмұнды ақпарат ұсынылды. Шара соңында тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріліп, өзара пікір алмасу жүргізілді.
Аталған іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты – «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» бағытына сәйкес өткізіліп, тыңдаушылардың денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.