Аудиториядан – өндіріскеFarabi University

Аудиториядан – өндіріске

13 қазан, 2025

«Медициналық бұйымдар өндірісі» пәні шеңберінде «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 4‑курс студенттері кафедраның аға оқытушылары Д.Н. Махаева және А.Ж. Аликуловтың жетекшілігімен аудиториядан шығып, «Дорпласт Инвест» ЖШС зауытында нақты өндірістік процеске қатысу мүмкіндігіне ие болды. Олар полимерлерді өңдеудің негізгі әдістерімен танысты, өндірістік жабдықтың жұмыс істеуін бақылады және ресурстарды үнемдеу мен қалдықтарды кәдеге жарату мәселелерін қарастырды. Бұл іс‑шара ТҰМ (Тұрақты даму мақсаттары) принциптерін қамтуға мүмкіндік берді:
ТДМ 12 - Жауапты тұтыну және өндіріс - шикізатты ұтымды пайдалану, өндірістің қалдықтарын азайту және материалдарды қайталама өңдеу тәжірибелерін енгізу тәсілдерінде көрініс табады.
ТДМ 9 - Инновациялар және инфрақұрылым - полимерлерді өңдеудің заманауи технологияларын қолдану, өндірісті автоматтандыру және кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымын дамыту арқылы жүзеге асырылады.
ТДМ 4 - Сапалы білім беру - теориялық және практикалық білімдерді ұштастыру.