Химиялық физика және материалтану кафедрасында екі докторанттың алдын-ала қорғауы өттіFarabi University

Химиялық физика және материалтану кафедрасында екі докторанттың алдын-ала қорғауы өтті

16 қаңтар, 2026

2026 жылғы қаңтар айында кафедрада докторанттардың екі алдын ала қорғауы өткізілді. Алдын ала қорғаулар 8D07113 – «Химиядағы наноматериалдар және нанотехнологиялар» және 8D07103 – «Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламалары аясында ұйымдастырылды.
Алдын ала қорғаудан өткен докторанттар: Сулейменова Мадина Ержанқызы және Бексұлтан Жансая Бексұлтанқызы.
Сулейменова М.Е. диссертациялық жұмысының ғылыми жетекшілері – PhD, доцент Тауанов Жандос Тұрегелұлы (Қазақстан, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) және PhD Анна Богуш (Ұлыбритания, Ковентри университеті).
Бексұлтан Ж.Б. ғылыми жетекшілері – х.ғ.к., профессор Түлепов Марат Ізтлеуұлы (Қазақстан, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) және PhD, профессор Ruiqi Shen (Қытай Халық Республикасы, Nanjing University of Science and Technology).
Алдын ала қорғаулар барысында диссертациялық зерттеулердің негізгі нәтижелері талқыланып, рецензенттер мен ғылыми жетекшілер тарапынан кәсіби ұсыныстар берілді.