Қазақстан Республикасының дамуы үшін Бүкілхалықтық Құрылтайдың маңызы
Бүгін Қызылорда қаласында Қазақстан халқының V Бүкілқазақстандық Құрылтайы өтті. Ол қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты қамтамасыз ететін, елдің дамуына қатысты негізгі мәселелерді талқылауға және заңнамалық құжаттарға қажетті түзетулер енгізуге арналған басты алаң болып табылады. Құрылтайдың басты мақсаты — билік органдарын алмастырмай, оларды толықтыра отырып, халықтың маңызды шешімдерді талқылауға және әзірлеуге қатысуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасында тәрбие және білім беру, қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ жасанды интеллектіні енгізу салаларында Құрылтай ұсына алатын бастамалар
Құрылтай қоғамдық платформа ретінде төмендегі бағыттарға негізделген реформаларды ұсына алады: жауапты әрі отансүйгіш азаматты тәрбиелеу; мемлекеттік тілдің рөлін және мәдени бірлікті нығайту; білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру; ұлттық қауіпсіздіктің негізі ретінде қоршаған ортаны қорғау; елдің орнықты даму моделін қалыптастыру.
Құрылтай – халықтың пікірін білдіретін жалпыұлттық форум ретінде Қазақстанда жасанды интеллектіні жауапты және қауіпсіз енгізуге бағытталған бастамалар ұсына алады. Ең алдымен, жасанды интеллектіні қолданудың этикалық нормаларын қалыптастыру және азаматтардың жеке деректерін қорғау маңызды. Мемлекеттік басқару саласында жасанды интеллект электрондық қызметтердің сапасын арттыруға және билік органдары жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Білім беру жүйесінде жасанды интеллекті қолдану цифрлық және ІІ-сауаттылықты дамытуға, білікті мамандар даярлауға жағдай жасайды. Экономикада инновацияларды, стартаптарды қолдау және өндіріс пен ауыл шаруашылығына ІІ енгізу маңызды. Сонымен қатар, жасанды интеллектіні қазақ тілінде дамыту ұлттық мәдениет пен тілдің сақталуына ықпал етеді.
Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценті Ташмухамбетова Женета Халиловна