«Қайсар рух иесі - Бауыржан»
2026 жылғы 15 қаңтарда Тарих факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары – кафедра меңгерушісінің оқу ісі және тәрбие жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор Е.Н. Ноянов, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы кафедрасының ассистент-профессоры Т.Ә. Нұрпейіс, PhD, доцент міндетін атқарушы А.О. Кошымова, аға оқытушылар М.Т. Бижанова мен Г.И. Менситова, А.Н. Сагинаева – КИЗ Алмалыбақ ауылында орналасқан КММ «Алмалыбақ орта мектеп-гимназиясында» мектеп оқушылары мен педагогикалық ұжыммен танымдық-тәлімдік кездесу өткізді.
Іс-шара қазақ халқының көрнекті әскери қолбасшысы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына ора ұйымдастырылып, «Қайсар рух иесі - Бауыржан» тақырыбында мазмұнды дәріспен жалғасты. Дәріс барысыныда оқушыларға Бауыржан Момышұлының Отан қорғаудағы ерлігі, ел мен жерге деген адалдығы, ұлттық құндылықтарды қастерлеуі, тілге, салт-дәстүрге көрсеткен құрметі жан-жақты баяндалды.
Сонымен қатар, дәріс барысында жас ұрпақтың азаматтық қалыптасуында тарихи тұлғалардың өнегелі өмір жолының маңызы, отансүйгіштік пен ұлттық сана тәрбиелеудегі рөлі кеңінен түсіндірілді. Оқушылардың болашақта саналы, жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуы олардың туған елінің тарихын білуі, мемлекеттік тілді құрметтеуі және ұлттық құндылықтарға адалдығымен тікелей байланысты екені атап өтілді.
Аталған іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының «4. Сапалы білім» бағыты аясында ұйымдастырылып, оқушылардың тарихи танымын кеңейтуге, рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға және патриотттық тәрбие беруге бағытталды.
Осындай тағылымдық кездесулер білім алушылардың ұлттық тарихқа деген қызығушылығын арттырып, тұлғалық дамуына оң ықпал ететін маңызды білім беру алаңы ретінде бағаланды.


Басқа жаңалықтар