ТДМ 16 аясында қоғамдық тәртіп пен құқық бұзушылықтың алдын алу: студенттермен профилактикалық кездесуFarabi University

ТДМ 16 аясында қоғамдық тәртіп пен құқық бұзушылықтың алдын алу: студенттермен профилактикалық кездесу

4 ақпан, 2026

03.02.2026 ж. сағат 17:00-де №16 Студенттер үйінде Экономика және бизнес жоғары мектебі деканы Ж.Ж. Ермекова, ӘТЖЖ декан орынбасары И.У. Кулиев, Студенттер қалашығы директорының орынбасары Е. Қалшаев, бас маман Б. Диханов және Бостандық ауданы ІІБ полициясының аға лейтенанты Д.О. Шерімнің қатысуымен «Қоғамдық тәртіп және құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында іс-шара өтті.

Аталған іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 16-мақсаты – «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар», сондай-ақ ТДМ 17 – «Орнықты даму жолындағы серіктестік» қағидаттары аясында ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты мен міндеті — студенттер арасында қоғамдық тәртіптің маңыздылығын түсіндіру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу арқылы заңға құрметпен қарауды, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық сананы арттыру болып табылды.

Іс-шара нәтижесінде студенттердің құқықтық білімі артып, қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысты жеке жауапкершілік сезімі күшейеді, заңды сыйлау, тәртіпке бағыну және белсенді азаматтық ұстаным қалыптасады. Бұл өз кезегінде студенттер арасында тәртіп бұзушылық фактілерінің азаюына оң ықпал етеді.

Қорытындылай келе, қоғамдық тәртіп пен құқық бұзушылықтың алдын алу — әрбір азаматтың, соның ішінде жастардың ортақ міндеті. Мұндай профилактикалық іс-шаралар студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға, заңға бағынатын тұлға ретінде қалыптасуына және қоғамда жауапты әрі саналы мінез-құлық көрсетуіне ықпал етеді деп сенеміз.