Қысқы мектеп аясындағы тәжірибелі дәрістер жоспарға сай өтіп жатыр...Farabi University

Қысқы мектеп аясындағы тәжірибелі дәрістер жоспарға сай өтіп жатыр...

11 ақпан, 2026

ТДМ-3 Қысқы мектептің төртінші күнінде, яғни 6 ақпанда Стратегиялық PR және Коммуникация маманы, «Болашак» стипендиясының иегері Толғанай Байысбекова «Дағдарыс коммуникациясы 2026: Хейт пен фейкті қалай брендтің пайдасына айналдыруға болады?» және тележурналист, PhD Шынар Қалиаждарова «Цифрлық трансформация жағдайында тележурналистиканы оқыту: теория мен тәжірибенің сабақтастығы» дәрістерін оқыды.

Толғанай Байысбекова өз дәрісінде хейтке жедел реакция білдіру маңызды екендігін мынадай кейспен көрнекі көрсетті.

2025 жылы «Nike» әлеуметтік желілерде жаңа кроссовкаларына қатысты негативті пікірлер көбейді. Компания бірнеше сағат ішінде ресми Twitter және Instagram парақшаларында фактчек жариялап, өнімнің сапасын және өндіріс процесін түсіндірді. Нәтижесінде негатив баяу басылып, брендке сенім артты.

Фейк ақпаратты ашық талдау немесе транспаренттілік те үлкен рөль атқарады. Мысалы: «Starbucks» туралы 2026 жылы фейк ақпарат тарап, олардың кофесі экологиялық стандарттарға сәйкес келмейді деген жалған ақпарат таралды. Компания өз блогында және пресс-релизінде нақты деректерді жариялап, сертификаттарын көрсетті. Аудитория бұл әрекетті жоғары бағалады.

Креативті контент арқылы позитивке айналдыру да қоғамда көп кездеседі. Мысалы: «Burger King» туралы 2025 жылы әлеуметтік желілерде «қате тапқан клиент» тақырыбында негативті пікірлер пайда болды. Компания бұл пікірлерді әзіл-сықаққа айналдырып, арнайы мемдер мен видео жариялады. Бұл науқан вирусқа айналып, брендтің танымалдығы артты.

Ірі компаниялар үшін аудиториямен диалог орнату өзекті мәселе. Мысалы: «Adidas» фирмасы онлайн-платформаларда хейтке ұшыраған кезде, компания арнайы журналистерді шақырып «Q&A» сессиясын  өткізеді, олардың сұрақтарына ашық жауап беру арқылы өздерін ақтап алады. Бұл стратегия клиенттердің сенімін арттырды және негативті пікірлерді азайтты.

Фейкті стратегиялық мүмкіндікке айналдыру. Мысалы: «Tesla» компаниясына қатысты «автопилот әрдайым қате жұмыс істейді» деген фейк ақпарат таралды және соған байлагнысты жалған пікірлер пайда болды. Компания бұл ақпаратты өз жағына пайдаланып, автопилот жүйесінің жаңа жаңартылған функциясын ресми түрде жариялады. Нәтижесінде фейк ақпарат -  брендтің жаңа өнімін насихаттау мүмкіндігіне айналды.

Келесі дәріскер тележурналист, PhD Шынар Қалиаждарова «Цифрлық трансформация жағдайында тележурналистиканы оқыту: теория мен тәжірибенің сабақтастығы» дәрісімен болды.

Шынар Қалиаждарова ТВ бойынша базалық білімге: телебағдарлама түрлері, тв жанрлары, телесюжет құрылымы, сценарий және оның түрлері, тв техника, операторлық шеберлік, эфир мәдениеті, монтаж тілі жататынын айтты. Оның сөзінше базалық дағдылар маңызды: алғы сөз жазу - подводка, қысқа ақпарат – КТМ жазғызу, шағын сауаонама түсірту – СНХ сұхбаттың бастамасы, бейнені сауатты түсіру – жалпы, орта, ірі план, деталь.

Педагогикалық модельдерге: жобаға негізделген оқыту (оқу-жасау), редакциялық форматта сабақ өткізу (оқу-көрсету-қолымен ұстау-қосып үйрену), кейс талдау (салыстыру-қатемен жұмыс-өңдеу) жатады.

ТВ - көпплатформалы алаң. Бір оқиға ТВ сюжеттен, Инстаграмм Рилстан, Тик Ток, You Tube Shortsтан тұрады.

Мобильді журналистика смартфонмен түсіруден, мобильді монтаждан (Cup Cut), жылдам жариялаудан тұрады.

Цифрлық платформада бейне маңызды. Олар: кадр композициясы, эмоция арқылы баяндау, қысқа форматтағы сюжет.

Әлеуметтік желі және оның алгоритмдері, бейнеконтент – тарату логикасы: платформаның ерекшелігінен, хештег пен тақырып қоюдағы айырмашылықтан, көрерменмен кері байоаныс орнатудан тұрады.