- Басты бет
- Жаңалықтар
- Су экожүйелеріндегі биоалуантүрлілік динамикасын зерттеудің құралы ретінде сараптамалық ойын
Су экожүйелеріндегі биоалуантүрлілік динамикасын зерттеудің құралы ретінде сараптамалық ойын
География және табиғатты пайдалану факультетініңТұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасыныңоқытушысы Хамитова К.К. «Гидрология» БББ 1-курс студенттеріне «Биосфераның гидрологиялық сараптамасы» атты интерактивті іскерлік ойын өткізді. Сабақ тұрақты су ресурстарын басқару және биоалуантүрлілікті сақтаусаласында талдамалық және болжамдық құзыреттердідамытуға бағытталды.
Сабақ барысында студенттер биосфера суларының жай-күйі жөніндегі халықаралық комиссияның сарапшыларырөлін атқарды. Әр команда табиғи аймақ пен су нысаныныңтүрі көрсетілген карточканы алып, су экожүйесінің«паспортына» гидрологиялық сипаттамаларды, тірі затқұрылымын және оның биогеохимиялық қызметтерінталдап енгізді.
Студенттерге келесі нұсқалар ұсынылды:
• Тайгалық батпақтар — экологиялық оқиға: құрғақшылық
• Таулы өзен — бөгет салу
• Тропикалық су жүйесі — су тасқыны
• Тундра өзендері — климаттың өзгеруі
Жұмыс барысында болашақ гидрологтар су көздерініңқоректену көздерін, гидрологиялық режим ерекшеліктерін, судың химиялық құрамын талдап, тірі, өлі (косное) жәнебиогендік заттарды анықтады. Ерекше назар тірі заттыңгаздық, концентрациялық, тотығу-тотықсыздану жәнебиосүзгілік қызметтеріне аударылды.
Екінші кезеңде қатысушылар экологиялық оқиғалардыңгидрологиялық режимге әсерін бағалады: су деңгейінің, ағынның, мөлдірліктің, еріген оттегінің жәнеминералданудың өзгеруі қарастырылды. Студенттер табиғижәне антропогендік факторлардың биоценоздарға ықпалын, сезімтал түрлердің жойылуын, жекелеген топтардың басымболуын және экожүйенің трофикалық құрылымыныңөзгеруін талдады.
Ойын барысында биоалуантүрлілік су экожүйелерініңтұрақтылығының негізгі көрсеткіші ретінде ерекше атапөтілді. Студенттер тайгалық батпақтардағы құрғақшылықгидрофильді өсімдіктердің азаюына және шымтезек түзілуүдерісінің бұзылуына әкелетінін; таулы өзенде бөгет салу гидробионттардың көші-қон жолдарын және су температурасының режимін өзгертетінін; тропиктердегі су тасқыны жағалаулық қауымдастықтардың құрылымынтрансформациялайтынын; ал тундра өзендеріндегі климат өзгерісі мұз қату мерзіміне және түрлік құрамға әсерететінін айқын көрсетті.
Сараптамалық болжам аясында командалар тірі затқызметтерінің — өзін-өзі тазарту, зат айналымынқамтамасыз ету және экологиялық тұрақтылықты сақтауқабілетінің өзгерістерін бағалады. Сонымен қатарэкожүйелердің деградациясы, биоалуантүрліліктің азаюы, көміртек балансының өзгеруі және климаттық әсерлердіңкүшеюі сияқты ықтимал жаһандық салдарларқарастырылды.
Өткізілген ойын БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарыніске асырумен тікелей байланысты, атап айтқанда ТДМ 6 «Таза су және санитария», ТДМ 13 «Климаттың өзгеруіменкүрес» және ТДМ 15 «Құрлық экожүйелерін сақтау». Сабақсу экожүйелері мен биологиялық алуантүрлілікті сақтауүшін кешенді гидрологиялық талдаудың маңыздылығынкөрсетті.
Жұмыс қорытындысында командалар зерттелгенэкожүйелердің жай-күйі туралы — шартты түрдетұрақтыдан бастап деградация сатысындағы жағдайға дейін— ғылыми негізделген тұжырымдар жасады.
Интерактивті формат «Гидрология» БББ студенттерінетеориялық білімдерін бекітіп қана қоймай, жаһандықөзгерістер жағдайында су экожүйелерін экологиялықболжау, жүйелік талдау және сараптамалық бағалаудағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар