«Лудомания – қоғам дерті»: сапалы білім мен әлеуметтік жауапкершілікке бағытталған семинар Исламтану мамандығының 3-курс студенттеріне «Лудомания – қоғам дерті» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Шара зерттеу практикасы аясында өткізіліп, құмар ойындарға тәуелділіктің қоғамға тигізетін әлеуметтік, психологиялық және рухани салдары ғылыми тұрғыда талданды. Семинар мазмұны United Nations айқындаған Тұрақты даму мақсаттарының ішінде 4-мақсат – «Сапалы білім» бағытымен сабақтастырылды. Іс-шара студенттердің сыни ойлау қабілетін дамытуға, діни-құқықтық ұғымдарды заманауи әлеуметтік құбылыстармен байланыстыра талдау дағдыларын жетілдіруге және қоғамдық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Семинар аясында лудомания мәселесіне арналған Бағлан Әбдірайым авторлығындағы «Ақ пен қара» кітабы студенттерге табысталды. Аталған еңбек құмар ойындардың адам тағдырына, отбасы құндылықтарына және рухани әлемге тигізетін ықпалын көркем әрі тәрбиелік мазмұнда ашып көрсетеді. Кітапты таныстыру арқылы студенттердің тақырыпқа деген танымдық қызығушылығы мен әлеуметтік жауапкершілік сезімі арттыру көзделді.

Ұйымдастырушылар:
Балтымова М.Р филол.ғ.к.,қауымд. профессор
2 – курс магистранттары: Алпысбай Әсем, Жұбанов Бекдәулет
Басқа жаңалықтар