- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Университет қабырғасында кітап мерекесі өтті: “Оқырман университет” жәрмеңкесі»
«Университет қабырғасында кітап мерекесі өтті: “Оқырман университет” жәрмеңкесі»
2 наурыз күні философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Оқырман университет» атты кітап жәрмеңкесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі тағылымды рухани шараға айналды. Тұрақты даму мақсаттарының 4-бағыты – сапалы білім мен өмір бойы білім алуды қолдау аясында өткен бұл іс-шара университет қабырғасында нағыз кітап мерекесін қалыптастырды.
Жәрмеңкеге келген оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар кітаптарға ерекше қызығушылық танытып, баспалар ұсынған жаңа және танымдық еңбектермен кеңінен танысты. «Qasym Kitap», «Отбасы хрестоматиясы», «Marfu Press» баспаларының сөрелері күні бойы оқырман назарынан тыс қалған жоқ. Көпшілік өзіне қажетті кітаптарды таңдап, рухани қоржынын толықтырды.
Іс-шара барысында кітаптың қоғамдағы орны, оқырман мәдениеті және сапалы білімнің маңызы туралы мазмұнды пікір алмасулар орын алды. Оқырмандардың ықыласы мен белсенділігі шараның маңызын арттыра түсті. Университет жастарының кітапқа деген ыстық ықыласы мен зияткерлік белсенділігі ерекше қуантты.
«Оқырман университет» жәрмеңкесі – білім мен руханиятты ұштастырған, университеттің академиялық ортасын жандандыра түскен жарқын мәдени оқиға болды. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осындай игі бастамалар жалғасын табатынына сенім білдіреді.
Кітап мерекесі құтты болсын! 📚

Ұйымдастырушылар:
Балтымова М. Р.
Жолдубаева А. К.
Жамашев А. Ш.
Еркебуланұлы Р.
Қадыр І.
Таңсық Ж.
Басқа жаңалықтар