Тарихпен тілдесу: Рухани мұра кеңістігіндегі ғылыми сапарFarabi University
Референдум 15 марта

Тарихпен тілдесу: Рухани мұра кеңістігіндегі ғылыми сапар

3 наурыз, 2026

 

2026 жылғы 3 наурыз күні ҚазҰУ-дың 1 курс исламтану және дінтану магистранттарымен бірге Тұрақты даму мақсаттары  аясында танымдық-тәжірибелік іс-шара өткізілді. Іс-шара Алматы музейінде ұйымдастырылып, білім алушылар Жетісу өңірінің тарихи-мәдени мұрасымен жан-жақты танысты.

Музейдің 11 экспозициялық залы арқылы магистранттар ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Алматы қаласының тарихи даму кезеңдерін зерделеп, археологиялық жәдігерлерді, этнографиялық құндылықтарды және жазба деректерді талдады. Бұл сапар олардың кәсіби дүниетанымын кеңейтіп, тарихи сананы қалыптастыруға және мәдени мұраға жауапкершілікпен қарауға ықпал етті.

Аудиториядан тыс ұйымдастырылған мұндай ғылыми сапарлар теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып, болашақ дінтанушы және исламтанушы мамандардың зерттеушілік қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұлттық тарихи жады мен мәдени сабақтастықты терең түсінуге жол ашады. Мәдени мұрамен қауышу – тек өткенді тану емес, болашаққа саналы қадам жасау.

Мұндай форматтағы іс-шаралар болашақ дінтанушы және исламтанушы мамандардың ғылыми-тәжірибелік даярлығын арттырып қана қоймай, ұлттық мұра мен тұрақты даму құндылықтарының өзара сабақтастығын терең түсінуге мүмкіндік береді.

 

Іс-шараны ұйымдастырушылар:

  • Маликов С. – Исламтану мамандығының 2  курс магистранты
  • Дәуренбек Н. – Исламтану мамандығының 2  курс магистранты

·         Жамал Р.А. – Исламтану мамандығының 2  курс магистранты