Академиялық басқару және білім беру сапасы: жетекшілер мен оқытушылар үшін қарқындылықFarabi University
Референдум 15 марта

Академиялық басқару және білім беру сапасы: жетекшілер мен оқытушылар үшін қарқындылық

4 наурыз, 2026

2026 жылғы 4 наурыз күні әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында «Академиялық басқару және білім беру сапасы: жетекшілер мен оқытушылар үшін қарқындылық» атты сараптамалық стратегиялық сессия өтті. Аталған іс-шараға заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Г.А. Куаналиева және профессор-оқытушылар құрамы — Г.Т. Айгаринова, А.А. Есекеева, М.Е. Сагинаев, А.А. Кудайбергенов және І.Б. Шапқатова қатысты.

Стратегиялық сессия барысында білім беру үдерісін жетілдіру, академиялық басқарудың тиімді тетіктерін енгізу, сондай-ақ жасанды интеллект құралдарын оқу-әдістемелік және ғылыми қызметте тиімді қолдану мәселелері талқыланды. Қатысушылар жасанды интеллектпен нәтижелі жұмыс істеу тәсілдерін, нақты әрі сапалы жауаптар алу үшін дұрыс сұраныс (prompt) құру әдістерін меңгеріп, білім беру сапасын арттырудағы заманауи цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерімен танысты.

Іс-шара нәтижесінде оқытушылар білім беру процесін цифрландыру, оқыту әдістерін жаңарту және студенттердің білім сапасын арттыру бағытында тәжірибе алмасып, кәсіби құзыреттерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Мұндай стратегиялық кездесулер университеттің академиялық мәдениетін дамытуға, инновациялық білім беру ортасын қалыптастыруға және оқытушылардың кәсіби әлеуетін арттыруға маңызды үлес қосады.