- Басты бет
- Жаңалықтар
- 🎓 Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы ППҚ өкілдері PROFESSIONAL WEEK – 2026 аясында өткен сараптамалық стратегиялық сессияға қатысты:
🎓 Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы ППҚ өкілдері PROFESSIONAL WEEK – 2026 аясында өткен сараптамалық стратегиялық сессияға қатысты:
📌 «Академиялық басқару және білім беру сапасы: жетекшілер мен оқытушыларға арналған интенсив» (2026 ж. 3–6 наурыз, Алматы, әл-Фараби кітапханасы).
👥 Қатысушылар: Атаханова Г.М., Акболатова М.Е., Бисенова М.К., Избасова А.Б., сондай-ақ Білім беру мен оқыту сапасы жөніндегі АК мүшесі Жақыш А.Ж.
🤖 САРАПТАМАЛЫҚ ПРАКТИКАЛЫҚ ТРЕК 2 «Қайта құрастыру – 2026: GenAI құралдарының көмегімен пәнді редизайн жасау».
⏱️ Ұзақтығы/форматы: 4 сағат (09:00–13:00), офлайн; әл-Фараби кітапханасы, оқу залы
🧑🏫 Модераторлар: Галеева А.К. (Басқарма мүшесі–академиялық мәселелер бойынша проректор),
Мусинова А.А. (ББ процесінің сапасын қамтамасыз ету басқармасының басшысы).
👨💼 Сарапшы-кеңесшілер: практикалық бөлімді сүйемелдейтін, инновациялық білім беру тәжірибелерін жүзеге асырып жүрген жаңашыл оқытушылар.
🎯 Тректің мақсаты: оқытушылардың пәнді жобалау, оқу нәтижелерін бағалау және GenAI құралдарын оқыту сапасын арттыруға (кәсіби жүктемені ұлғайтпай) тиімді енгізу құзыреттерін дамыту.
📚 Мазмұны (академиялық фокус):
• пәннің білім беру бағдарламасындағы орны;
• силлабус – педагогикалық және академиялық басқару құралы;
• оқу нәтижелеріне бағытталған тапсырмалар мен бағалау;
• академиялық адалдық және GenAI қолдану мәдениеті;
• күндізгі және цифрлық ортада кері байланыс пен коммуникация.
🧩 Жұмыс форматы: кіріспе (модераторлардың эксперттік сөзі) + бірегей тапсырма бойынша командалық практикалық жұмыс + нәтижелерді таныстыру.
🛠️ GenAI әдістемесі (міндетті): әрбір негізгі артефакт үшін Draft → Critique → Improve циклі қолданылды.
👩💻 Команда ұйымдастыруы: 36 команда × 5 адам, ноутбуктермен жұмыс, ватман қолдану.
🏁 Күтілетін нәтиже: пәннің жаңартылған ОӘК (оқу-әдістемелік кешені) әзірленді.
🧠 Сонымен қатар кафедра өкілдері ТРЕК 4 - «Оқыту этикасы және қақтығыстарды басқару» бағытына да қатысты.
Басқа жаңалықтар